Биыл Жамбыл облысында 3 «Жайлы мектеп» ашылды
Сонымен қатар 9 мектеп және 1 техникалық шығармашылық орталық күрделі жөндеуден өтті
Жамбыл облысында 36 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр.Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде өңірде 36 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, 13-і ел игілігіне берілді. Оның 3-уі «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынды.
Сонымен қатар Тараз қаласындағы 172 мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы енгізіліп, қаржыландыру процесінің ашықтығы қамтамасыз етіліп, әрбір ата-анаға балабақшаны өз бетінше таңдауға мүмкіндік алған.
Аймақ басшысы облыстағы оқушылардың жетістіктері туралы айтты.