жексенбі, 30 маусым, 2024 23:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Жамбылда 22 денсаулық сақтау нысаны ел игілігіне беріледі

Биыл Жамбылда 22 денсаулық сақтау нысаны ел игілігіне беріледі
Фото облыс әкімдігінің сайтынан алынды
Оның құрылыс жұмыстарына 6,4 млрд теңге қарастырылған

Жамбыл облысында биыл 24 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы оның 22-сі ел игілігіне беріледі, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 22 мекемеден бұдан бөлек, 2 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ 125 бірлік медициналық жабдық, 30 санитарлық автокөлік сатып алынады деп жоспарлануда.

2023 жылы облыста 17 медициналық нысан пайдалануға берілді, оның ішінде облыстық онкологиялық диспансер, Шу ауданындағы балаларға арналған оңалту орталығы бар. Сонымен бірге 11 нысан күрделі жөндеуден өтті. 446 дана медициналық жабдық және 40 санитарлық автокөлік сатып алынған болатын.

Нәтижесінде емдеу мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі 96,6 пайызға (91,9%-дан) дейін жетті.

Айта кетейік, өңірде 391 денсаулық сақтау нысаны халыққа қызмет көрсетеді.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар