жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл жамбылдық шаруаларға 29,1 млрд теңге субсидия берілді

Биыл жамбылдық шаруаларға 29,1 млрд теңге субсидия берілді
Жамбыл облысының әкімдігі
Осының нәтижесінде жыл басынан бері салада 458,5 млрд теңгенің өнімі  өндірілген

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а Төлебек Құлекеев биыл салада атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Төлебек Құлекеевтің сөзінше, 2025 жылы салаға 29,2 млрд теңге қаржы қарастырылып, бүгінгі күні оның 29,1 млрд теңгесі облыстағы 5 мыңнан астам шаруаға субсидия ретінде төленіп берілген. 
- Осының нәтижесінде жыл басынан бері салада 458,5 млрд. теңгенің өнімі  өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайыз өсім көрсетті. Бұл республика бойынша 6 орын. Егін шаруашылығында - 292,0 млрд. теңге, НКИ - 104,0%; Мал шаруашылығында - 165,1 млрд. теңге, НКИ - 101,7%; Сол сияқты негізгі капиталға 35,3 млрд.теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына - 12,6 млрд. теңге; Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына - 22,7 млрд. теңге тартылды.  2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 640 мың гектарға отырғызылып, 13,2 мың гектарға артты. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар - 362,0 мың гектар; Мал азығы дақылдары - 181,3 мың гектар; Майлы дақылдар - 38,0 мың гектар; Көкөніс - 31,1 мың гектар; Бақша дақылдары - 12,7 мың гектар; Картоп - 8,2 мың гектар; Қант қызылшасы - 6,6 мың гектар, - деді Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а Төлебек Құлекеев. 
Биылғы жылы көктем айларында күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынның аз түсуі салдарынан, дәнді дақылдардың өнбей қалауы мен өнімділіктің төмен болуы сынды фактілер орын алған.
- Нәтижесінде 343,5 мың гектар масақты дәнді дақылдар егін орағына түсіп, әр гектардан алынған орташа өнім 9,0 центнерді құрады және 283,0 мың  тонна астық бастырылды. -147,0 мың гектар бидайдан - 145,2 мың тонна, - 169 мың гектар арпадан - 137,8 мың тонна Алайда, Үкіметтің ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есеге ұлғайту тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында мал азығы дақылдары - 3,6 мың гектарға, майлы дақылдар - 5 мың гектарға, көкөніс дақылдары -  4,7 мың гектарға, бақша дақылдары - 7,3 мың гектарға, картоп - 1,5 мың гектарға артты. Жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарынан 3,3 млн. тонна өнім алынды, - деді Төлебек Құлекеев. 
Қазіргі уақытта жиналған өнімдердің 451,6 мың тоннасы қоймаларға сақтауға қойылды. Оның ішінде 436,9 мың тонна пияз, 1,8 мың тонна картоп, 540 тона сәбіз, 12,1 мың тонна басқа да өнім түрлері бар.
Бұдан бөлек, 888,7 мың тонна егін шаруашылығының өнімдері шет елдерге экспортталды. Оның ішінде 410 мың тонна пияз бар. Бұл республика бойынша 1 орын. Биылғы жылы 498,4 мың гектар алқапқа 99,7 мың тонна минералды тыңайтқыштар (39,0 мың тонна аммиакты селитра, 21,0 мың тонна аммофос, 39,7 мың тонна басқа да тыңайтқыш) ендіру жоспарланса, есепті кезеңде 487,7 мың гектар алқапқа 97,5 мың тонна минералды тыңайтқыш ендірілді (91,7%). 2025 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет тарапынан 24,3 мың тонна дизель отыны бөлінді. - көктемгі дала жұыстарына - 20 мың тонна - күзгі дала жұмыстарына - 4,3 мың тонна. Дизель отынын тарату үшін 8 өңірлік таратушы операторлар айқындалып, тарату бағасы 1 литр үшін 254 теңгені құрады. Бөлінген жанар-жағармай шаруаларға толық таратылды, - деп атап өтті басқарма басшысының м.а.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар