Жамбыл жаңалықтар

«Біз Ақтөбемен біргеміз»: Тараздық блогер Мөлдір Анарбаева кәсіпкерлермен бірге жылу жинап жатыр

Журналист, блогер Мөлдір Анарбаеваның бастамасымен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік таныта отырып, су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды  jambylinfo.kz.

Мөлдір Анарбаеваның айтуынша, қайырымдылық шараға Тараз қаласының белгілі кәсіпкерлерімен қатар, қарапайым халық та ат салысып жатыр.  


«Қазір Тараз қаласында арнайы Ақтөбеге жөнелгелі тұрған жүк көліктері бар. Олар «Ауыл-береке» базарында, 8-ықшам аудандағы «Фиркан» мен «Скиф» және Киров базарының маңында тұр. Бүгін біздің біршама кәсіпкер қыз-жігіттер сол көліктерге керек-жарақ, азық-түлік тиеді. Бүрсігүні олар жолға шығады», -деп хабарлады ол әлеуметтік желіде. 


Сондай-ақ, блогер қайырымды іске ат салысып жатқан кәсіпкерлерге, қарапайым қала тұрғындарына ағысын білдірді.


«Бұл әрине көп емес, мақтаныш та емес, бірақ, біз құр алақан отырғанды жөн көрмедік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Абайлаңыздар!»,-деп жазды блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.