дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Біз біргеміз»: Жамбыл облысынан 70 тонналық гуманитарлық көмек су басқан аймаққа жіберілді

«Біз біргеміз»: Жамбыл облысынан 70 тонналық гуманитарлық көмек су басқан аймаққа жіберілді
Сурет: jambylinfo.kz
Азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттардың жиынтығы шамамен 40 миллион теңге тұрады

Жамбыл облысынан топан судан зардап шеккен Маңғыстау облысына 2 жүк көлігіне тиелген 70 тонналық көмек жіберілді. Қайырымды іске жергілікті тұрғындар, мәслихат депутаттары мен ҚХА өкілдері ат салысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиевтің айтуынша, гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, гигиеналық заттар мен қайық, су соратын қондырғылар, резіңке етіктер де бар. Мұнымен қоса, 1,5 миллион теңге қаржылай көмек беріліп отыр.

"Бұл көмекке Жамбыл облысының тұрғындары, облыстық мәслихаттың депутаттары тарапынан су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы ағайынға көмек беру үшін жұмылып, шамасы келгенше ат салысты. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы да өздері жинақтаған заттарын осы көмекке қосып отыр. Біз зардап шеккен облыстардың тұрғындарымен біргеміз. Біз бар көмегімізді көрсетіп, қолдауымызды аямаймыз",- деді Абдалы Нұралиев.

Атаулы көмек «Көне Тараз» этно-мәдени кешеніндегі «Достық» үйінде жиналды. «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаеваның айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен аймаққа қала тұрғындары мен өзге этнос өкілдері де жұмылған.

«Жіп біріксе, арқан болады, жұрт біріксе, қалқан болады» демекші, жұрт болып жұмылып бүгін алып атыраптағы апаттан зардап шеккен ағайынға гуманитарлық көмек жібергелі отырмыз. Енді мұндай жағдай болмасын деп бірлік пен ынтымақты сақтап жұмыс атқарып жатқан өзге этнос өкілдері де көмек қолын созды", - дейді Мүбәрак Жинақбаева.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар