«Біз біргеміз»: Жамбыл облысынан 70 тонналық гуманитарлық көмек су басқан аймаққа жіберілді
Азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттардың жиынтығы шамамен 40 миллион теңге тұрады
Жамбыл облысынан топан судан зардап шеккен Маңғыстау облысына 2 жүк көлігіне тиелген 70 тонналық көмек жіберілді. Қайырымды іске жергілікті тұрғындар, мәслихат депутаттары мен ҚХА өкілдері ат салысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиевтің айтуынша, гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, гигиеналық заттар мен қайық, су соратын қондырғылар, резіңке етіктер де бар. Мұнымен қоса, 1,5 миллион теңге қаржылай көмек беріліп отыр.
Атаулы көмек «Көне Тараз» этно-мәдени кешеніндегі «Достық» үйінде жиналды. «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаеваның айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен аймаққа қала тұрғындары мен өзге этнос өкілдері де жұмылған.