Боран болуы мүмкін: Жамбылда дауылды ескерту жарияланды
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
22 қаңтарда түнде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кей уақыттарда тұман күтіледі.
Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 22 қаңтарда таңертең және күндіз қар, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с.