жексенбі, 7 шілде, 2024 7:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Босаңсуға әлі ерте

Босаңсуға әлі ерте
ашық дереккөзі
Босаңсуға әлі ерте

«Соңғы аптада Тараз қаласында, Шу, Меркі, Қордай аудандарында індеттің індей түскені, өршігені байқалады. Тапсырма берілген. Бірақ орындалуы көңіл көншітпейді. Әлі де болса санитарлық талаптар толық сақталмай отыр. Медициналық бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстану ұмыт қалды. Дезинфекция жұмыстары жасалмайды. Кейбір кафелер таңға дейін жұмыс жасайды» деді коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі штаб отырысын ашқан Бердібек Сапарбаев.

Соңғы деректерге сүйенсек облыс аумағында COVID-19 індетінің 4532 жағдайы тіркелген. Инфекциялық стационардан 4232 (93,4 пайыз) азамат сауығып шыққан. Сондай-ақ 61 науқас көз жұмған. Бір апта ішінде облыс аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 110 дерегі анықталды. Штаб отырысында баяндама жасаған облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өңірдегі коронавирустық  инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы және жаңа толқынға дайындық туралы баяндады.

– Қазіргі таңда облысымызда COVID-19 инфекциясына полимеразды тізбекті реакция (ПТР) жүргізу арқылы тестілеу 9 зертханада өткізіледі. Жалпы облыс бойынша тәуліктік қуаттылық 2740-ты құрап отыр. Сонымен қоса инфекцияға полимеразды тізбекті реакция (ПТР) жүргізу арқылы тестілеудің көлемін ұлғайту мақсатында облысымыздағы емдеу-алдын алу ұйымдарында аптасына 9000 тестілеу өткізу тапсырылды,– деген Әсет Әскерұлы тұмауға қарсы вакцинациялау, медициналық техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмек қоры жайлы мәліметпен бөлісті.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нейли Мүлікова күн тәртібіндегі мәселе бойынша соңғы көрсеткіштерді ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы вируспен күрестегі сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.

– «Қызыл аймаққа» енген бірқатар облыс, қалалардағы ахуал қазір тұрақтала бастады. Себебі сақтық шаралары толықтай сақталып, бірқатар шектеулер қойылды. Өкінішке қарай облысымызда Төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін барлық карантин шаралары босаңсып кетті. Салдарынан індет өрши бастады.

Шын мәнісінде кедергі келтіріп тұрған ешқандай мәселе жоқ. Мәселе–санитарлық талаптардың сақталмауы. Мониторингтік топтардың жұмысы өте нашар. Босаңсуға әлі ерте. Жұмысты қайта жандандыру керек. Тәртіпке бағынбағандарға қатаң жаза қолданыңыздар. Жай айтқанға түсінбесе, ескертуді елемесе кафелерді біржола жабыңыздар. Тұрғындардың денсаулығы бәрінен де маңызды. Сондықтан кез келген тиісті шаралар жасалсын.

Қоғамдық көліктердің жұмысын да бақылауға алу керек. Жиырма орынды қоғамдық көлікпен отыз адам тасымалдайды. Әрине мұндай жағдайда вирус жұқтыру қаупі арта түседі. Соңғы айларда дезинфекция жұмыстары мүлдем ұмытылып кетті.

Тағы бір маңызды мәселе – бас дәрігерлердің жауапкершілігі. Дәрігерлердің өз міндеттеріне салғырт қарауынан келеңсіз жағдайлар орын алуда,–деген Бердібек Машбекұлы айтылған мәселелер бойынша жауаптыларға тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ өңір басшысы бір аптада эпидемиологиялық тұрақталмаса шектеу шаралары күшейтілетінін айтты.

Талғат НҰРХАНОВ

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар