бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 22:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бурыл ауылында бағалайтын бастама көп

Бурыл ауылында бағалайтын бастама көп
ашық дереккөзі
Бурыл ауылында бағалайтын бастама көп

Бүгінде елімізде қалыптасқан бейбітшілік пен та­ту­лық ауылдықтар үшін де айтарлықтай ма­­ңыз­ға ие. Бұл күнде Байзақ ауданы, Бурыл ауыл­­дық округінде 18 ұлттың өкілі тату-тәтті тір­­­шілік кешуде. Бірлігі жарасқан бурылдықтар да қазіргі кезде туған ауылын көркейтуге күш са­­лу­да. Негізінен ауылдағы тұрғындардың басым бөлігін қазақ және түрік ұлтының өкілдері құ­­райды. Жалпы, округте 13 мың 340 халық тұ­рады.

Кезінде Сталин колхозы болған шағын ғана ауыл­дан 7 бірдей Еңбек Ері шыққан. Еңбекпен есейген ауыл тұрғындары қазіргі кезде де негізінен мал шаруашылығымен айналысып, күн көреді. Сонымен қатар бұл ауылға мемлекеттің қолдауы да аз емес. «Ауыл – ел бесігі», «Туған жерге туыңды тік!» бағдарламалары аясында бірқатар нысан бой көтеріп, ел игілігіне берілген. Бүгінде ауылда жаңа салынған мәдениет, спорт нысандары жұмыс істейді. Жарық, газ тартылған. Ауылда 2 орта мектеп бар болса, енді 300 орындық үшінші мектептің де құрылысы жүргізілуде. Аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, Бурыл ауылында жақсы бастамалар көп. Мәселен, мемлекеттің қолдауымен бөлінген 589 миллион теңгеге ауылдағы 10 көше жөнделген. Округке қарасты Бурыл және Құмжота ауылдарында 2 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынған. Бір айта кетерлігі, ауыл көшелері 30 жыл бойы жөндеу көрмеген. Сонымен қатар бұрын Мәдениет үйі болмаған ауылда 157 миллион теңгеге 180 орындық мәдениет нысаны салынған. Бүгінде жергілікті жұртшылық мұның игілігін көріп отыр. Ауыл жастарын саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында ауылдан жалпы құны 323 миллион теңге болатын спорт кешені бой көтерген. Сондай-ақ демеушілер есебінен жазғы спорт алаңы мен кіші футбол алаңшасы да ашылған.

Ауылды көркейту – келелі іс. Бүгінде бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан Бурыл тұрғындары ауылдың әр жетістігіне қуанады. Ауылдық округтің әкімі Ерік Әліқұловтың айтуынша, ауылда мал ұрлығы, кісі тонау сияқты теріс әрекеттер орын алмаған. Қайта тұрғындардың сұранысына орай, Бурыл мен Құмжота елді мекендеріндегі көшелер жөнделіп, ел оның игілігін көруде. Мәселен, ауылдардағы барлығы 64 шақырым жол 820 миллион теңгеге қайта жарақтандырылған. «Ауылдан Сеңкібай, Белқожа, Өтеміс каналдары өтеді. Биыл Белқожа каналы 16 миллион 800 мың теңгеге орта жөндеуден өтті. Жалпы, ауылдық округте 14 жаңа тұрғынжай иіні бар болатын болса, Байзақ датқа, Нұр, Арай иіндеріне 94 миллион 600 мың теңге бөлініп, түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді», дейді Ерік Әліқұлов.

Қазіргі кезде ауыл орталығынан «Жеңіс» саябағы салынуда. Сонымен қатар «Тәуелсіздік монументі» нысанын қайта жарақтандыру мақсатында 7 миллион 49 мың теңге бөлінген. Бүгінде ауылдан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция пункті ашылып, мұнда 7 адам жұмыспен қамтылған. Енді ауыл ішінде автобустар жүргізу мәселесі жоспарда бар екен.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар