Жамбыл жаңалықтар
Былтыр кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыс саны 153-тен 109 дерекке төмендеген
- авторjambylinfo.kz
- 27 қаңтар, 2021
- 428
Былтыр кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыс саны 153-тен 109 дерекке төмендеген
Былтыр өңірде кәмелет жасына толмаған 244 қыз жүкті болып қалған, деп хабарлайды http://Jambylinfo.kz
Бұл көрсеткішті ұлғайтып тұрған түрлі себептер бар. Алайда, бұл өзімізді ақтап алатын ахуал емес. Жүкті болып қалған қыздардың 175-і 17-18 жас аралығында болса, 16-17 жастағылардың саны – 57. Ал 12 қыз 15-16 жасында құрсақ көтерген. Бұлардың қаншауы мектепте немесе колледжде оқитыны, қайсысы үйде отырғаны, кімнің ерте бастан отау құрғаны, қайсысы ата-анасынан бөлек, қандай туысымен тұратыны белгісіз. Жергілікті білім, денсаулық сақтау басқармалары тарапынан ешқандай есеп жүргізілмеген,
Аталмыш мәселе бүгін облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында қаралды. Басқосуда белгілі болғандай, былтыр кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыс саны былтырғы жылмен салыстырғанда 153-тен 109 дерекке төмендеген. Қылмыс жасаған мектеп оқушыларының саны 58-ден 49-ға, колледж студенттері 85-тен 32-ге азайған екен.
Былтыр Қордай, Шу, Жамбыл сынды бірқатар аудандарда көшпелі комиссия отырысы өткен. Онда жауаптыларға кәмелетке толмағандардың ерте жыныстық қатынасқа түсуі мен қыздардың ерте жүктілігінің алдын алу және басқа да бала құқығына қатысты бірқатар тапсырмалар берілген. Сол себептен де осы жиында бірқатар аудан әкімінің жауапты қызметкерлері мен орынбасарларының есептері тыңдалды. Тапсырманың үдесінен шығып, нақты шаруа атқарған аудандар бар. Солардың нәтижесінде қылмыстың кейбір түрінің төмендегенін көріп отырмыз. Атқарылған жұмыстарды жоққа шығаруға болмайды. Десе де, істі ілгерілете беруге тиіспіз. Кейбір аудандар бойынша қатаң жауап алғаным да сондықтан.
Отырыстың соңында профилактикалық шаралардың тиісті дәрежеде атқарылмауын алға тартып, жауаптыларға білім мекемелеріндегі ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру, кәмелеттік жасқа толмай оқуды тастап кеткен балаларды білім мекемесіне қайтару, бала еңбегінің заңдылықтары мен олардың қауіпсіздігін сақтау бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз