сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 22:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

COVID қателікті кешірмейді

COVID қателікті кешірмейді
ашық дереккөзі
COVID қателікті кешірмейді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен аймақта күз айларында қайта өршуі мүмкін коронавирустық инфекцияның келесі толқынына дайындық қолға алынған болатын. Бүгін өңір басшысының орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалық етуімен өткен кеңесте аталған бағыттағы жұмыстардың барысы талқыланды. Жиынға өңірдің денсаулық сақтау саласына жауапты мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдардың жетекшілері және бейнебайланыс арқылы Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.  Басқосудың күнтәртібіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселесі де қойылды.

– Қазіргі таңда күллі әлем елдерінде болуы мүмкін деп болжанып отырған коронавирустық инфекцияның кезекті толқынына дайындық қарсаңында өңірде 2530 төсек орын дайындалды. Дертпен күреске 372 дәрігер, 744 орта буындағы медициналық қызметкер және 744 кіші буындағы медициналық қызметкер жұмылдырылмақ. Қазіргі таңда әр төсек орнын өкпені қолдан тыныстандыру аппаратымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірдің медициналық мекемелеріне қосымша 133 осындай аппарат қажет. Күні бүгінге дейін облыстағы ПТР зертханалардан 108 732  адам тексеруден өтті, – деді облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Басқарма басшысының айтуынша, медициналық ұйымдарға алу жоспарланған құрал-жабдықтар толықтай жыл соңына дейін жеткізіледі. Мұнан бөлек жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектің 1-2 айлық қоры жасақталған. Әйтсе де дауасыз дерт күллі әлем жұртшылығына қауіп төндіріп тұрған сәтте кейбір денсаулық сақтау нысандарындағы қамсыздық байқалады. Мәселен Талас, Жамбыл аудандық орталық ауруханаларында, Тараз қалалық №7, №9 емханаларында балалар мен жүктілерге арналған бөлек фильтр жоқ. Дәл осы емханалардың медициналық қызметкерлері ғимарат ішінде жеке және өндірістік гигиенаға салғырт қарайды.  Облыстық перинатальдық орталықта кардиотокограф аппараты жетіспейді.  Сол секілді барлық медициналық ұйымдарда жүкті әйелдің, ана мен баланың жағдайынан хабар беретін байланыс орталықтары ұйымдастырылмаған.

Баяндаманы тыңдап болған соң Ержан Жұматұлы алдыңғы жиындарда берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 24 сағат 7 күн тәсілімен қызмет көрсететін  Call-орталықтың жұмысын жетілдірудің аяқалысы жайында сұрады. Сондай-ақ бейнебайланыс арқылы Талас, Жамбыл ауданы әкімдерінің орынбасарларына ауруханаларындағы кемшілікті тез арада жоюды тапсырды. Облыс әкімінің орынбасарына инфекцияның алғашқы толқынында  COVID-19-бен, вирусты пневмониямен ауырғандар көп тіркелген

Байзақ, Талас Қордай ауданы әкімдерінің орынбасарлары да аймақтардың денсаулық сақтау саласының қауіпті індетпен күреске дайындығы туралы баяндады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар