сенбі, 23 қараша, 2024 4:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?
ашық дереккөзі
Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және "Жамбыл-адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелерімен медициналық ұйымдардың COVID-19 ықтимал екінші толқынына дайындығына, атап айтқанда, «СК-Фармация» компаниясының Жамбыл өңіріндегі жедел қоймасындағы дәрілік заттар мен препараттар қорына мониторинг жүргізді. Жалпы Тараз қаласында Бірыңғай дистрибьютор арқылы дәрілік заттар мен препараттармен 78 медициналық ұйым қамтамасыз етіледі. Тапсырыс берушілерге тауарлар жедел қоймадан жеткізіледі. Ағымдағы жылы Жамбыл облысында жалпы сомасы 7 млрд.теңгеден аса дәрілік заттар мен препараттарды жеткізуге стационарлық көмек шеңберінде 796 сатып алу шарты жасалған. Осылайша, аймақта медициналық ұйымдарға бүгінгі күні 30 106 шприц және 31 490 флакон мөлшеріндегі антикоагулянттар, 52 448 таблетка және 403 047 флакон мөлшеріндегі антибиотиктер, 116 674 флакон кортикостероидтар, дене температурасын төмендетуге арналған 3123 дәрілік препараттар, вирусқа қарсы 510 флакон және 38696 препарат, 306 840 ампула витаминдер келген. Бұл қор жеткілікті болмауы да мүмкін. Дерт діндеген кезде 2 ай дәрілік қоры қоймада сақталуы үшін қазан-желтоқсан айларында "СК - Фармация" ЖШС коронавирус инфекциясын емдеуге және алдын алуға арналған дәрілік заттарды төмендегідей мөлшерде жеткізетінін көрсетті: антикоагулянттар - 101 090 шприц және 60 250 флакон, антибиотиктер - 37 614 таблетка және 441 779 флакон, кортикостероидтар 79 467 флакон, дене температурасын төмендетуге арналған 116 622 дәрілік заттар және 364 400 ампула витаминдер. Сондай-ақ, бүгінгі күні Бірыңғай дистрибьютор тыныс алу жолдарының аурулары мен коронвриустық инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттар мен медициналық препараттар жеткізді. Айта кету керек, коронавирустық инфекцияны емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін індеттің екінші толқынына дайындық ретінде қалалық көпбейінді ауруханада 200 төсек және Т.Рысқұлов ОАА 150 төсек дайындығы жоспарлаған. Жұмысшы топ қоймадағы дәрі – дәрмек пен қағазда қатталған тізімін де салыстырып көрді. Сәйкесінше түгендеу есебінен де компания өкілдері жаңылмады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар