Жамбыл жаңалықтар

Дәстүрлі ән орындаған көкшетаулық әнші автокөлік ұтып алды

Дәстүрлі ән орындаған көкшетаулық әнші автокөлік ұтып алды

Қазақстанның мәдени астанасы - Көкшетау қаласында Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның айбозы» дәстүрлі ән орындаушылары арасындағы І республикалық байқау өтті Облыстық мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, байқаудың іріктеу кезеңіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Қазақстанның 5 облысынан (Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола) 20 дәстүрлі ән орындаушы қатысты. Конкурсқа қатысушылардың өнерін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қазақ ән шығармашылығын зерттеуші Еркін Шүкіманов, Ақмола облысының халық шығармашылығын насихаттаушылар мен әртістері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова, мәдениет саласының үздігі Саян Мұхамедьяров, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солисі Сәрсенбай Хасенов пен ақын Қуаныш Оспан бағалады.