Дәулет Төленді Талас ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Бұл туралы Талас ауданының әкімдігі мәлім етті.
Талас ауданының әкімі Н.Жүнісбековтің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №01-18 өкімімен Төлендіұлы Дәулет Талас ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Даулет Төлендіұлы 1986 жылы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында дүниеге келген.
2004-2008 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық интитутында «Құқық және экономика негіздері», 2012-2015 жылдары И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде «Менеджмент», 2016-2018 жылдары Тараз инновацилық-гуманитарлық университетінде «Филология» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Арай” газеті редакциясының тілшісі болып бастаған.
2011-2017 жылдары республикалық «Дала мен қала» газетінің меншікті тілшісі, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жамбыл-Тараз” газеті редакциясының жауапты хатшысы, “Жамбыл облыстық “Арай” газеті редакциясының директор-бас редактордың орынбасары;
2017-2018 жылдары “Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының медиа орталығы” бас директорының орынбасары;
2018-2019 жылдары “Жамбыл облыстық “Ақ жол” газетінің редакциясы ЖШС-нің бас редактордың орынбасары;
2019-2021 жылдары “Жамбыл облыстық “Арай” газеті редакциясының директор-бас редакторы;
2021-2022 жылдары Тараз қалалық “Жамбыл-Тараз” газеті редакциясы ЖШС-нің директор-бас редакторы;
2022-2025 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің кеңесші қызметін атқарған.
Отбасылы, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.