Дауды шешудің төте жолы – бітімгерлік
Еңбек, отбасы, адам құқықтарының сақталмауы секілді мәселелерді
шешудің заманауи тәсілі – медиация. 2011 жылы 5 тамызда
қабылданған заңға сәйкес, медиаторлардың негізгі мақсаты – қос
тарапқа мәселені өздері шешуіне мүмкіндік беру. Соңғы жылдары
елімізде медиаторлардың көмегіне жүгінушілердің саны күн санап
арта түскен. Мәселен, облыс бойынша кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы
жылдың 11 айында 573 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 77-сі
бойынша тараптар бітімгершілікке келген. Сот отырысының хатшысы
Самат Әбілдаевтың сөзінше, мұндағы бітімгерлер көбінесе азаматтар
арасындағы түсініспеушілікті, кикілжіңдерді шешуге күш салады.
– Медиация бір жағынан
сот жұмысын жеңілдетеді.
Осы уақытқа дейін медиация
дау-дамайды шешудегі
тиімді құрал екенін көрсетіп
үлгерді. Өйткені медиация
т ә р т і б і м е н ш е ш і л г е н
азаматтық істер оң нәтиже
берді. Шынтуайтында,
медиация қазаққа жат ұғым
емес. Себебі, ертеректе халық
арасындағы жанжалдарды
би, ақсақалдардың реттеп
отырғаны белгілі. Бұл
дауласушы тараптарды бір
тоқтамға әкеліп, оларды
татуластырудың жолы.
Қазіргі таңда медиаторлар
б а ғ ы т ы н а й қ ы н д а п ,
бір салаға негізделген.
Б і т і м г е р л е р к ө б і н е с е
а з а мат т а р а р а с ы н д а ғ ы
т ү с і н і с п е у ш і л і к т і ,
кикілжіңдерді шешуге
қатысады. Айта кетейік,
құқық қорғау органдарына
шағымданғандарға да сот
процесі кезінде медиаторға
жүгіну кеңесі берілуде, – деді
Самат Қалмаханұлы.
Қос тараптың бітімге
келуі – уақыт үнемдеудің
де тәсілі. Оның үстіне,
бұл зайырлы қоғамға
т ә н і с - ә р е к е т т е р д і ң
көрінісі. Облыс бойынша
кәмелетке толмағандардың
і с т е р і ж ө н і н д е г і
м а м а н д а н д ы р ы л ғ а н
ауданара лық сотында
к ә м е л е т к е т о л м а ғ а н
балалардың тұрғылықты
жерлерін анықтау туралы
талап-арызға сай азаматтық
іс қаралыпты. Соттың
көмегіне жүгінген талап
қоюшы жақ балалардың
тұрғылықты жерлерін
анықтау туралы уәжін
жеткізіп, келесі тараппен
ерікті түрде келісімге
келмегенін айтады. Алайда
сот отырысының барысында
қос тараптың бұл дауды
медиация тәртібімен реттеу
туралы ұсынысы ескерілген.
Ал шетелдік тәжірибеге
көз жүгіртсек, мәселені
сотқа дейін шешу АҚШ-та
ХХ ғасырда қолға алынса,
Швейцария, Норвегия,
Швеция, Бельгия елдерінде
90 жылдары қолданысқа
енгізілген. Бүгінге дейін
орташа есеппен Еуропа
х а л қ ы н ы ң 7 4 п а й ы з ы
тұтынушы құқығы мәселесі
бойынша істі сотқа жеткізбей
аяқтаған. Иә, бітімге келу
экономика үшін ғана тиімді
емес, адам құндылықтары
мен көзқарасының жаңа
д е ң ге й ге к ө т е р і л ге н і н
көрсетері анық.
Он адам бостандыққа
шықты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде
халыққа арнаған «Әділетті
мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі
қоғам» атты Жолдауында қаңтар
оқиғасына қатысқандарға бір
реттік рақымшылық жасау туралы
шешім қабылдағанын мәлімдеген
болатын. «Бізге ел бірлігі ауадай
қажет. Ереуілге қатысқандар да,
күштік құрылым қызметкерлері
де – өз азаматтарымыз. Олар сот
әділ өтеді деп қана емес, қоғам
кешірімді болады деп үміттеніп
отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына
қатысқан, бірақ ауыр қылмыс
жасамаған азаматтардың жазасын
жеңілдетті. Заң бұзғандардың
бірқатары кінәсін түсініп,
өткен іске өкініп отыр. Оларға
кешіріммен қараған дұрыс деп
ойлаймын. Сондықтан мен қаңтар
оқиғасына қатысушыларға бір
реттік рақымшылық жариялау
туралы шешім қабылдадым», – деді
Мемлекет басшысы.
Қаңтар оқиғасына қатысқандарға
бір реттік рақымшылық жасау туралы
жаңа заңға сәйкес өңірдегі түзеу
мекемелеріне тоғытылған бірқатар
азаматтар еркіндікке жолдама алды.
Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі
департаменті берген мәліметке
сүйенсек, бас-аяғы 44 адам қамауға
алынса, оның ішінде 25 азамат №67
тергеу изоляторында отыр. Ал 19
адам түзеу мекемелеріне жөнелтілген.
Қазіргі таңда қаңтар оқиғасына қатысы
бар бірқатар азамат сот үкімімен
еркін өмірге қайта қосылып үлгерді.
Мәселен, қауіпсіздігі барынша төмен
№26 түзеу мекемесінен 10 азамат
бостандыққа шыққан. Бұдан бөлек,
Тараз қалалық №1,2,3 пробация
қызметі бөлімдерінен 71 адам іліксе, 6
азамат есептен алынады екен. Сонымен
қатар 65 адамның жаза мерзімдері
қысқармақ. Айталық, қалалық №1
пробация қызметінің бөлімінде тұрған
азаматтарға қатысты 40 материал сотқа
жолданып, нәтижесінде, 4 азамат
босатылып, 36 адамның жаза мерзімі
қысқартылуға жататыны белгілі
болыпты. Аталған бөлімнің бастығы,
әділет майоры Қуаныш Калықтың
айтуынша, қазіргі таңда есепте тұратын
40 азаматтың құжаты рақымшылық
заңының талаптарына сәйкестендіріліп,
қалалық №2 сотқа жолданған.
– Бүгінде Тараз қалалық №1
пробация қызметінің бөлімінде қаңтар
оқиғасына қатысқан 40 азамат есепте
тұр. Пробация қызметкерлерінің
қажырлы еңбегінің арқасында олардың
құжаты рақымшылық заңының
талаптарына сәйкестендіріліп, қалалық
№2 сотқа жолданды. Осылайша,
соттың шешімімен 3 адам жаза
өтеуден босатылса, 33 азаматтың
жаза өтеу мерзімдері қысқартылып,
қанағаттандырылды. Әрине, құқық
қорғау қызметкерлері тарапынан
қаңтар оқиғасына қатысқандардың
жеке істері мұқият зерделенді, – деді
Қуаныш Ерболатұлы.
Қаңтардағы дүрбелеңге қатысып,
бармақ тістегендердің бірі – Гүлзира
Пайзраханова. Үшінші қаңтар күні
көшеде жиылған жұртты көріп
қызықтауға шыққан ол құрбысын да сол
жаққа бірге баруға көндірген. Ал келесі
күні тұрғындардың тыныштығын
бұзғандардың арасына қалай қосылып
кеткенін де аңғармай қалыпты.
Кейінірек, дүрбелең басылғанда
бейнебақылау камераларына түсіп
қалған оны полиция қамауға алады.
Тергеу нәтижесінде оған Қылмыстық
Кодекстің 272-бабының 3-бөлігімен
«Жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны
үшін» деген айып тағылып, 2 жылға
бас бостандығынан шектеу жазасы
тағайындалады. Сол кезде ол өзінің
заңсыз әрекет жасағанын түсінгенін
айтады.
– Біздің облыста мұндай жағдайдың
орын алғанына таңғалдық. Бізге барып
көру қызық болды. Сонымен құрбым
екеуміз шыққан болатынбыз. Мұнда
халық жиналып жатыр деп құрбымды
шақырып алған да мен. Қазір сол
әрекетіме қатты өкінемін. Тыныш
өмір сүргенге ештеңе жетпейді екен.
Мұндайда жастар өзгенің сөзіне ермейақ қойса деймін. Біздің басымыздан
өтті. Президент қаңтар оқиғасына
қатысқандарға рақымшылық жасау
туралы заңға қол қойғанын естігенде,
төбем көкке жеткендей қуандым, –
дейді ол.
Айта кету керек, бұған дейін құқық
қорғау органдарының қызметкерлері
тарапынан жазасын өтеушілер мен
олардың туған-туыстарына түсіндірме
жұмыстары жүргізілген. Онда қаңтар
оқиғасына қатысқандардың барлығы
бірдей рақымшылыққа ілікпейтіні
жөнінде айтылыпты. Шын мәнінде,
оқиғаға қатысты айыпты деп танылған
сотталғандарға рақымшылық жасау
туралы шешім сот тарапынан әр адам
үшін жеке-жеке қабылданбақ
Полицейлер
бірнеше ұрыны
құрықтады
Дауды шешудің
төте жолы – бітімгерлік
Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына
шағынаудандардың бірінде тұратын пәтер иесінен белгісіз адамдардың
үйіне ұрлыққа түскендігі туралы хабарлама келіп түскен. Дәл осындай
шақыртумен сол күні тағы бір қала тұрғыны қоңырау шалыпты.
Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарының
нәтижесінде облыс орталығының 36 және 25 жастағы тұрғындары
анықталып, ұсталған. Олардың үйінен барлық айғақ заттар (5 дана
жылытқыш батареялары, жеке заттар салынған чемодан, теледидар,
ноутбук, 15 үстел және т.б.) табылып, тәркіленген. Күдіктілер өз
кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа
алынды.
Ал қос үйге келтірілген шығынның көлемі 1 миллион 375 мың
теңгені құрайды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының
3-бөлігімен (ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала