Жамбыл жаңалықтар

Дауыс беру белсенді жүріп жатыр - байқаушы

Бүгін елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтуде.

Тараздағы №58 референдум учаскесінде дауыс беру белсенді жүріп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Таңғы 07:00-де жұмысын бастаған №58 референдум учаскесінде жұмыс қызу. Байқаушы Дариға Абдраимова дауыс беру процессі ашық әрі заң аясында өтіп жатқанын айтты. 

Жалпы аталған уческеде 1700-ден аса дауыс беруші тіркелсе, аздаған уақыт ішінде 130-ға жуығы таңдау жасап үлгерген. 

 Сонымен қатар бірқатар азаматқа онлайн қызмет көрсетілген. 

Айта кетейік, Жамбыл облысында референдумның 513 учаскесі ашылды. Барлық учаскелер өз жұмысын 07:00-де бастады. 20:00-ге дейін ашық болады.