Жамбыл жаңалықтар

Демалыс күндері Таразда жәрмеңке өтеді

Жәрмеңкеде Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері сатылады

18 мамыр, яғни сенбі күні Тараз тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жәрмеңке «Ұлы дала» ықшам ауданындағы №1 үйдің алдында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері базардағы орташа бағадан  15-20 пайызға арзан сатылады.