Дін өкілдері түзеу мекемесінде кездесу өткізді
Дін өкілдері түзеу мекемесінде кездесу өткізді
Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінде дін өкілдерімен кездесу өтті. Басқосуға Шымкент қаласының діни оңалту бөлімінің РАНТ мүшесі Д..Желеуов және облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің имамы Ж.Ақжігіт қатысты. Спикерлер тузеу мекемесінің теологтарымен бірлесе «Рух Адам жаны» мәселесі сондай-ақ «Ханафи Ғұламалары не дейді?» тақырыбында сотталғандарға діни тұрғыда түсіндірме жұмыстары жүргізді. Сонымен қатар, бұл күні жалған жихад атты діни көркемфильм көрсетіліп, оның мән-мағынасы түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, түзеу мекемесінде сотталғандардың жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін діни- әдебиеттер мен көркемфильмдердің ықпалы зор. Садуақас ТОҚСАНБАЕВ, ЖД-158/4 мекемесінің инспектор теологі әділет аға лейтенанты