Дін саласының мамандары жазасын өтеушілермен кездесті
Дін саласының мамандары жазасын өтеушілермен кездесті
Жамбыл облысы бойынша Дін істері басқармасына қарасты дін проблемалары зерттеу орталығының инспекторы Жарас Қуат пен психолог Жанна Қалдыбекова өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталған азаматтармен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты - сотталған азаматтарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс беру. Іс-шара барысында мамандар сотталған азаматарға рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігін, дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты дін саласында оқыған білікті мамандардан сұрау керек деді. Жүздесуде намаз оқу тәртібін де айтылды. Мамандар сотталғандардың діни ағымын анықтау үшін жеке қабылдау да жүргізді. Іс-шараның соңында жазасын өтеушілер аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.