ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРДЫ
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесінде Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының – діни оңалту бөлімінің басшысы Хасан Аманқұлов жұмыс сапарымен келіп, мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің инспектор теологтарымен бірлесе діни сауаттылық жөнінде топтық және жеке кездесулер өткізді. Кездесу барысында сотталғандар діни тұрғыда өз сұрақтарына жауап алды. Бас қаладан түзеу мекемесіне арнайы ат басын бұрып, жазасын өтеушілермен кездесуге уақыт бөлген Хасан Аманқұловқа ұжымның атынан алғыс білдірілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024