Жамбыл жаңалықтар

Ең жоғарғы балл – 135: Жамбыл облысында ҰБТ қалай жүріп жатыр

Облыс бойынша 7,8 мыңнан астам оқушы тест тапсырып үлгерген

Жамбыл облысы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 7,8 мыңнан астам оқушы тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 84% қазақ тілінде, 16%  орыс тілінде, 2 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақта талапкерлердің 79% шекті балл жинаған.  

Облыста ерекше білімге мұқтаж балалар қалай тест тапсырыс жатыр

Айта кетерлігі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қолайлы жағдай жасалғандықтан, ҰБТ-ға үш аптаның ішінде 38 талапкер қатысқан.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша 11154 адам тестілеуге тіркелген. 87% – ы қазақ тілінде, 13% - ы орыс тілінде, 10 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.

Еркебұлан Мырзабек