жұма, 22 қараша, 2024 20:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Екпе егу науқаны басталды

Екпе егу науқаны басталды
ашық дереккөзі
Екпе егу науқаны басталды

Бүгін еліміз бойынша коронавирус індетіне қарсы жаппай вакцинация басталды. Өңірімізден алғашқылардың бірі болып «Спутник V» вакцинасын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Берік Нығмашев пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев салдырды.

Жалпы таң сәріден бірінші кезең бойынша медицина мамандары қалалық және аудандық ауруханалар мен емханаларда сынама тапсыруда. Облыс әкімінің орынбасары мен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы да бірқатар сынамаларын тапсырып, оң нәтиже көрсеткеннен кейін коронавируске қарсы вакцина қабылдады. Екпеден кейін жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болған шенділердің жағдайын арнайы барып біліп қайтқан едік.

– Бүгін ерікті түрде вакцина салдырудамын. Ең бірінші өзімнің денсаулығымды ойлап, одан кейін көпшілікті вакцинацияға шақыру мақсатында осы қадамға барып отырмын. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та алғашқылардың бірі болып екпе салдырды. Өздеріңіз көріп отырғандай ол кісінің жағдайы жақсы. Сондықтан тұрғындарды ештеңкеден қорықпай, вакцина салдыруға шақырамын.

Әрине адам болғаннан кейін бойыңда толқу болады. Бірақ екпе салғанда еш нәрсені сезген жоқпын. Өзімді жақсы сезініп отырмын, – дейді облыс әкімінің орынбасары Берік Болатұлы.

Ал Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы бүгін таңда облысқа «Спутник V» вакцинасының 1000 данасы жеткізілгенін айтты.

– Қазіргі кезде коронавирус індетінің таралуына тосқауыл болатын бірден-бір жол – ол вакцинация. Сондықтан бүгін алғашқылардың бірі болып екпе қабылдадым. Белгіленген талап бойынша вакцинация 18-65 жас аралығындағы азаматтарға жүргізілетіндіктен, бұл санатта бүгінде аймақта 597 700 адам тіркеліп тұр. Алайда бұлардың бәрі вакцина салдырады деген сөз емес. Себебі вакцинация ерікті түрде жүргізіледі.

Бүгіннен бастап облыс орталығында 20 екпе салу орны мен 10 ауданнан арнайы орталықтар жұмыс жасауда. Мамандарымыз да, қажетті сынама алу қондырғылары да жеткілікті. Егер 1000 вакцинаны өңір тұрғындары тұтынып қоятын болса, біз қосымша вакцина алдырамыз. Сондай-ақ шалғай ауылдарға арнайы мобильдік топтар шығып, екпе салу жұмыстарын жүргізеді.

Өзі мен жақындарының денсаулығы үшін тұрғындарды жаппай вакцина салдыруға шақырамын, – дейді басқарма басшысы.

Жалпы бұл күні қалалық емханаға ағылған медицина мамандарының қарасы қалың болды. Барлығы екпеге ерікті түрде келгендерін айтуда.

Нұрдаулет АСАН

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар