Жамбыл жаңалықтар

Эксклюзив: Қазақстанда жігіттері түгел әскерге кеткен ауыл Жамбыл облысында орналасқан

Жуалыдағы Ақсай ауылдық округі жастарды әскерге жіберу жоспарын 100 пайызға орындаған

Қос ауылдың басын біріктіретін Ақсай ауылдық округінен «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы» Заңға сәйкес, 2023 жылы әскерге шақыру бойынша барлығы 10 азамат әскер қатарына кеткен. Ақсай ауылдық округінің әкімі  Мақсат Мәтеннің айтуынша, әскерге шақыру бойынша жоспар 100 пайызға орындалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Ауылдың өзге де әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне тоқталған Мақсат Мәтеннің сөзінше, ауыл шаруашылығы саласын қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында өткен жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизинг жүйесімен 4 шаруа қожалық 4 трактор, 5 тіркемені несиеге алған.

Брифинг барысында Мақсат Мәтен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. 

Мұнан соң, округ әкімі бюджеттен тыс жасалып жатқан игі істерге тоқталды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы, Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде Қарулы Күштеріміз мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, туған елдің тәуелсіздігін және бейбіт өмірін қорғау қасиетті парыз екенін атап өтті.

Президент қазіргі заманда әбден машықтанған сарбаздар ғана тиімді ұрыс жүргізе алатынын, сондай-ақ сардарлардың біліктілігі айрықша рөл атқаратынын айтты.