Экслюзив: құлдықта болған әке мен қызы 25 жылдан кейін Таразда кездесті
jambylinfo.kz сайтының редакциясы Базарбай Алахметовке 25 жыл көрмеген қызын тауып берді
Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайда қалғандар орталығының тұрғыны Базарбай Жолдыбайұлы 25 жылдан кейін қызы Әйгерім Базарбайқызымен кездесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Таразда өмірлік қиын жағдайда қалған жандар балаларын іздейтіні туралы ақпарат бергеміз. Осы мақаладан кейін Әйгерім есімді бойжеткен кейіпкер Базарбай Жолдыбайұлының қызымын деп қоңырау шалды.
Бойжеткеннің айтуынша, анасы өмірден өткен. Ал әкесін соңғы рет алты жасында көрген.
Бір аяғынан айырылып, денсаулығы сыр берген қарт әке қызына өзінің қиын жағдайда қалғанын айтып ақталды.
Әсерлі кездесудің куәсі болғандар екі жақын адамның табысқанына елжіреп, ізгі тілектерін білдіріп жатты.