Экстремизм және терроризммен күресу - ортақ міндет
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қазан, 2024
- 414
Жамбыл облыстық атқару жүйесіне қарасты №58 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Түсіпхан Имаммәдимен кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-сапары барысында Түсіпхан Имаммәди Жамбыл облыстық атқару жүйесіне қарасты №58 мекемеде топтық кездесулер өткізді.
Жиында «Дін мемлекет арақатынасы және діндегі саяси билікке көзқарас мәселесінің теологиялық тұрғыда аят және хадис негіздері» тақырыптары сөз болды.
«Деструктивті діни ағым өкілдерінің ақпараттық кеңістікті игеріп, әлеуметтік желілерді өздерінің мақсат-мүдделеріне сай оңтайлы қолдануы қатарларын толықтырып, жалған идеологияларын таратуда тиімді құрал болып отыр. Сондай-ақ қоғамның өмір сүру ерекшеліктері мен оны құрайтын әлеуметтік топтардың моральдік және материалдық деңгейі мен әлеуметтік-психологиялық жағдайы деструктивті діни ағымдардың басты назарында.
Ғаламтор, электронды пошта экстремистерді өзара әрекеттесуге, өздерінің идеяларын насихаттап қоюға ғана емес, сонымен бірге ақпараттық соғыстарды жүргізуге мүмкіндіктер береді. Соның дәлелі ретінде ақпараттық тайталастың жаңа бір түрі «желілік соғыс» деген атқа ие болғаны мәлім. Осы тұрғыда террористік әрекеттерді географиялық жағынан бір-бірінен алшақта жүріп, бірақ өзара «желілік» форматта жасырын түрде қатысып тұратын, арнайы дайындықтан өткен кибертеррористердің шағын тобы және де жеке адам да жүргізуі мүмкін,»-деген ғалым діни экстремизм, радикализм, терроризмге соқтыратын мән-жайлар жайлы кеңінен кеңінен тоқталды.
Түсіпхан Имаммәди топтық кездесуден соң сотталған азаматтарды жеке қабылдады.
Ашхабадта Абай ескерткіші салтанатты түрде ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024