Жамбыл жаңалықтар
Электр тогымен заңсыз 100-ге жуық балық аулаған Шу ауданының тұрғыны ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 7 сәуір, 2022
- 245
Электр тогымен заңсыз 100-ге жуық балық аулаған Шу ауданының тұрғыны ұсталды
Жамбыл облысының аумағында балықтың уылдырық шашу кезеңінде браконьерлік деректерін болдырмау және жолын кесуге, сондай-ақ балық пен балық ресурстарын заңсыз аулауға, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алуға және анықтауға бағытталған "Уылдырық" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел- алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері "Қосқұдық" орман шаруашылығы мамандарымен бірлесіп, Тасөткел су қоймасында браконьерлік деректерін анықтады.
Бұл ретте электр тогының көмегімен балықты заңсыз аулағаны үшін Шу ауданының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің қайығынан шамамен 100 келіге жуық ауланған балық табылып, тәркіленді.
- Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 335-бабы 3-бөлігі "Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз