Жамбыл жаңалықтар

Елімізде темекі 300-350 теңгеге қымбаттайды

Елімізде темекі 300-350 теңгеге қымбаттайды

Елімізде темекі 300-350 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы Премьер-Министр орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті. Министрдің айтуынша, 2 жылдың ішінде темекі акциздары 35 еуроға дейін көтеріледі. Осылайша, 1 000 дана сигареттің акцизі, шамамен 16 мың теңге болады. «Бұл ретте есептеп көрсек, бір қорап темекі үшін 300-350 теңге шығады», - деді Ерұлан Жамаубаев.