«Енді жарық өшпейді»: Жуалы әкімдігі ауыл халқына жақсы жаңалығымен бөлісті
Өткені, ауданда биыл инвестициялық бағдарлама аясында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылған
Әкімдік мәлімдегендей, Қарабастау, Алатау, Шыңбұлақ және Б.Момышұлы ауылдарында электр желілері жаңартылып, жалпы 530 бағана ауыстырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар, Ынтымақ ауылына дейін 6 шақырым бағана және 12,5 шақырым әуе желісі жаңғыртылды.
Шақпақата және Тасбастау ауылдарында 21,3 шақырым 35 кВ желі жаңасына ауыстырылып, жалпы аудан бойынша биыл 30 шақырым желі және 684 бағана толық жаңартылды.
Күрделі жөндеу жұмыстары аясында:
• 12,6 км – 35 кВ желі
• 111,4 км – 10 кВ желі
• 67 км – 0,4 кВ желі
• 18 дана қосалқы станция жөнделді.
Ағымдағы жөндеу:
• 35 кВ – 151 км
• 10 кВ – 256 км
• 0,4 кВ – 268 км желі
• 16 дана қосалқы станцияда жүргізілді.
Биыл 350 үйге жаңа автоматты электр есептегіш орнатылды. Келесі жылы 700 абонентке заманауи есептегіштер қою жоспарланған. Сондай-ақ 36 шақырым желіні жаңа бағана мен сымдарға ауыстыру жұмыстары да жоспарға енгізілген.