Ербол Қарашөкеев 300 түрлі бұйым өндіретін «Super-pharm» фармацевтикалық зауытына барды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан «Super Pharm» фармацевтикалық зауытына барды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Әкімнің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл зауыт 300 данадан астам медициналық бұйымдар өндіреді. Оның ішінде бірреттік стерильді және стерильді емес киімдер, хирургиялық киімдер жиынтығы, медициналық халаттар мен бетперделер, құрал-жабдықтар бар.
Сонымен қатар, биыл мамыр айында зауыттың тағы бір кешені салынып бітеді деген жоспар бар. Ербол Қарашөкеев жергілікті тауар өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, аудан және салалық басқарма басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеді.