Жамбыл жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев: Біздің басты міндетіміз – әрбір этнос өкілінің ұлтына, тіліне, мәдениетіне, тарихына құрметпен қарау

Жамбыл облысында 87 этнос өкілі өмір сүреді. Аймақта 75 этномәдени бірлестік бар

Тараз қаласындағы «Достық» үйінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Мерекелік жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен өңірлік  ҚХА төрағасы қатысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Аймақ басшысы жиналған қауымды Қазақстан халқының Бірлігі күнімен құттықтады.

Аймақ басшысы этномәдени бірлестіктер қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтап, нығайтуға бағытталған 212 іс-шара ұйымдастырғанын, оған 17 мыңнан астам адам тартылғанын атап өтті. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде аймақ басшыларына этносаралық ахуалға қатысты жиындар өткізуді тапсырған еді.