жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев меркіліктермен кездесті

Ербол Қарашөкеев меркіліктермен кездесті
Фото: Jambylinfo.kz
Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз болды.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Аймақ басшысы Меркі ауданы орталығындағы мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз болды.

Облыс әкімінің мәлімдеуінше, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айында облыстың жалпы өңірлік өнімі 690,9 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 106,3% деңгейінде қалыптасқан. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 111,4% деңгейінде тіркелген.

Сонымен қатар негізгі капиталға 391,7 млрд теңге инвестиция тартылған. 2028 жылға дейінгі инвестициялық портфель 62 ірі жобадан тұрады, олардың жалпы құны 3,5 трлн теңгеден асып, 6,3 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді.

Облыс әкімі өңірді дамыту үшін ауқымды жобалар жүзеге асырылатынын атап өтті.

Кездесу барысында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов қол жеткізілген көрсеткіштер туралы баяндама жасады. Өз кезегінде облыс әкімі аудандағы инвестиция тарту және туризм саласына тың серпін беру керектігін айтып, өзекті проблемалардың шешілу барысы бойынша аудан әкімінің орынбасарлары мен құзырлы орган өкілдерінен жауап алды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Ауыл тұрғындары жол, саябақ, археологиялық ескерткіштерді қорғау, мәдениет үйінің жағдайы, су арналарын күрделі жөндеу және мектептердегі оқушылардың қауіпсіздігі мәселелерін көтерді.

Ербол Қарашөкеев барлық сұрақтарға облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарға сүйене отырып жан-жақты жауап берді. Ол аталған мәселелер бақылауға алынатынын және заң аясында қажетті шаралар қабылданатынын айтты, сонымен қатар аудан басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді.

Кездесуден кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар