Жамбыл жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев садақ атып, домбыра тартты

Облыс әкімі ұлттық ойын сайысында бақ сынады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданындағы мәдениет күндері аясында өтіп жатқан іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгін Шу ауданында “Шуақты Шу - құтты мекен” атты мәдениет күндері өтіп жатыр.Салтанатты шараға ауданға іс-сапарымен барған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Аймақ басшысы ұлттық құндылықтар үйлесім тапқан алаңдағы қолөнер бұйымдарын көріп, қолөнершілердің жұмысын жоғары бағалады.
Ұлттық спортымызды дәріптеген Ербол Қарашөкеев садақ атып, көпшілік алдында мергендігін көрсетті.

Сонымен қатар, домбыраны қолға алып, қазақы өнердің ғұмыры мәңгі екенін атап өтті.