дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев Талас ауданына барды

Ербол Қарашөкеев Талас ауданына барды
Фото облыс әкімдігінің сайтынан алынды
Облыс әкімі ондағы бірқатар нысанды аралады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдымен Берікқара ауылдық округіндегі өрт сөндіру бекетіне барды. Жуырда ашылған өрт сөндіру бекетінде 2 бөлме мен арнайы техникаға арналған тұрақ қарастырылған. Мекеме төтенше жағдай орын алған жағдайда жедел әрекет етіп, құтқару жұмыстарын жүргізеді.
Бұдан соң Ербол Қарашөкеев Қаратау қаласы Б. Момышұлы көшесіндегі жеке инвестиция есебінен қайта жаңғыртылып жатқан №15, 17 көпқабатты тұрғын үйлерді көрді. Жауаптыларға құрылыстың сапасы мен мерзімін қатаң сақтауды тапсырды.
Бұл екі тұрғын үй 1984 жылы бой көтөрген, бес қабаттан тұрады. Барлығы 160 пәтер бар. Тұрғын үй жыл соңына дейін сатып алынып, баспана кезігінде тұрған азаматтардың игілігіне кезең-кезеңімен беріледі бастайды.
Аталған көшедегі №13 тұрғын үй сәуір айында пайдалануға беріліп, 80 қаратаулықтың қоныс тойын тойлауына ықпал етті.
Ербол Қарашөкеев пәтер иелерімен кездесіп, құрылыс жұмыстары бойынша ой-пікірлерін тыңдады.
Сондай-ақ «Игілік» жылыту қазандығының жұмысын тексерді.
Қазандықтарды қайта жаңғырту шаралары 100 пайызға атқарылды. Қазіргі таңда мазут сақтау қоймасының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, облыстық бюджет есебінен 232 млн.теңгеге дизельдік генератор сатып алынды.
Аймақ басшысы жылыту маусымы кедергісіз өту керектігін ескертті.
Қазандық 156 көппәтерлі тұрғын үйді, 200-ден аса нысанды жылумен қамтамасыз етіп отыр.
Ербол Қарашөкеев Талас ауданындағы өндіріс ошақтарына да ат басын бұрды.
2015 жылы іске қосылған «Жамбыл Недр» ЖШС-і 70-ке жуық азаматты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорында жылына 300 мың тонна М-400 маркалы цемент өндіріледі. Ағымдағы жылдың 9 айында 6,4 мың тонна цемент, 9,1 мың тонна минералды ұнтақ өндірілді.
Кәсіпорын басшылығы жылына 75 мың тонна әктас өңдеуге қауқарлы зауыт құрылысын бастап кетті. Бұл жобаға 2 млрд.теңге инвестиция салынған. Қосымша 80 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
«Karatau Chemicals» пиросульфит өңдеу зауытының құрылысы толық аяқталған. Қазіргі таңда өндіріс ошағын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаға 2,8 млн.теңге инвестиция тартылды.
Облыс әкімі кәсіпорынға инфрақұрылым тарту, электр желісімен қамту мәселесін шешу бойынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сапар соңында Ербол Қарашөкеев аудан әкімдігіне аралау барысында көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар