Ербол Қарашөкеев Тараздағы су арналарының жай-күйін тексерді
Аймақ басшысы бүгін 24 шақырымды құрайтын Түйте каналына барды. Онда су жүйесінің түбін тазалау, айналасын реттеуге ерекше назар аударды. Сондай-ақ, жағалауы да тазалауды қажет ететін Қарасу каналының жай-күйімен танысып, көпірлердің су өткізу мүмкіндіктерін тексерді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыс әкімі арықтарды тазалау, олардың су өткізу мүмкіндігіне тұрақты талдау және бақылау бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктеді. Бұл жұмыс көктемгі сел мен жазғы су тапшылығының алдын алу үшін қажет.