Ербол Қарашөкеев облыс тұрғындарын «Таза Қазақстан» акциясына қатысуға шақырды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Таза Қазақстан» акциясы аясында үндеу жасап, аймақ халқын тазалық сақтап, аулаларды абаттандыруға шақырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Бұдан соң аймақ басшысы Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің аумағында көпшілікпен бірге көшет екті.Тазалық шарасына қала тұрғындары мен ерікті жастар, спортшылар қатысты. Осы орайда облыс әкімі республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғанын айтып, барша өңір тұрғындарын тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға шақырды.
Сонымен қатар Ербол Қарашөкеев қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау - әрбір азаматтың басты міндеті екенін атап өтті.
Айта кетейік, науқан бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.