сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 9:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Ашық дереккөз
Облыс әкімі әлеуметтік желіде жазба жариялады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аймақ жұртын Алғыс айту күнімен құттықтады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Құрметті жамбылдықтар!

Баршаңызды көктемнің алғашқы лебін ала келіп, қазақстандықтарды береке мен бірлікке, отансүйгіштікке үндейтін Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мейірімділіктің мерейлі мерекесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр.

Осынау жылдар белесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен келісімді ту етіп, ел бірлігін бекемдей түсті. Жасампаз істердің жаршысына айналды. Биік белестерді бағындырды.

Достық пен ынтымақтың ордасы Жамбыл облысында 87 этнос өкілдері өзара түсіністікте тату-тәтті күн кешіп, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосуда. Ел басына күн туған шақтарда жұдырықтай жұмылып, сауапты істерден қалыс қалмады. Өткен жылдың өзінде 294 миллион 170 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.

Қадірлі жерлестер!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, елдігімізді қорғаудың басты жолы – берекелі бірлік.

Бірлік, татулық пен тұрақтылық – бәрінен биік!

Бағалай білмегенге бақ қонбайды. Сондықтан ең құнды, ең асыл қазынамыз – береке-бірлігімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуіміз керек.

 

Ел игілігі жолындағы адал әрі қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс тілей отырып, баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Діттеген мақсаттарыңызға жетіп, барлық арман-мұраттарыңыз орындалсын!

 

Егемен еліміздің іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы тең болсын!

 

Мереке құтты болсын!

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар