Жамбыл жаңалықтар

Ержан Жылқыбаев ішкі саясат басқармасының 2020 жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен биылғы жылғы жоспарларын тыңдады

Ержан Жылқыбаев ішкі саясат басқармасының 2020 жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен биылғы жылғы жоспарларын тыңдады

Бүгін ішкі саясат басқармасының өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен 2021 жылғы міндеттері туралы басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Досымбекова есеп берді. Басқарманың өткен жылғы бюджеті толық игерілген. Желілік кестеге сәйкес 6874 іс-шара ұйымдастырылған. Облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаев қатысқан жиында «Өңірлік коммуникациялар қызметі», «Рухани жаңғыру» жобалық офисі, «Қоғамдық келісім» мекемелерінің басшылары да есеп берді. Кең көлемде ұйымдастырылған «Үлгілі ауыл», «Асарлатып үй салу» жобалары халық арасында жақсы қабылданған. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Бейбітшілік және келісім» пилоттық жобасы биыл да жалғасады. Алдағы уақытта Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясындағы барлық шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру жоспарланып отыр екен. https://youtu.be/yURedg9-TfE