сенбі, 23 қараша, 2024 9:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ержан Жылқыбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен барды

Ержан Жылқыбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен барды
ашық дереккөзі
Ержан Жылқыбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен барды
Өңір тұрғындарының әлеуметтік ахуалы, мемлекеттік қызмет көрсету нысандарының жағдайы жергілікті биліктің назарынан тыс қалған емес. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл салаға үнемі мән беріп, тиісті бағдарламалардың өз деңгейінде орындалуын жіті бақылап отыр. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен барды.
Алдымен Белбасар ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепке ат басын бұрған Ержан Жұматұлы жақында ғана "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен 400 орындық білім ошағының жұмысымен танысты. Құрылысына 116 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген. Нысанның іргетасы 1969 жылы қаланған шаңырақ жаңарып қалыпты. Ұстаздар енді білім сапасына ден қою керек.
Ал 6 мыңдай түтіні бар Қонаев ауылындағы Төле би атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмысына 450 млн. теңге шамасында қаржы қаралған. Бірақ қыркүйектің басында пайдалануға берілуі тиіс білім ошағы әлі жайрап жатыр. Облыс әкімінің орынбасары қалған шаруаны аяқтау үшін мердігер компанияға 15 қарашаға дейін уақыт берді. Ал мектеп директорына жұмысты барынша бақылап отыруды міндеттеп, рухани-қоғамдық істерде де белсенділік танытуды тапсырылды.
Сонан соң Е. Жылқыбаев Төле би ауылындағы "Ауыл – ел бесігі" жобасы бойынша бой көтерген спорт кешеніне соқты. Құрылысына 300 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген мекеме 40 маманды жұмыспен қамтып отыр. Ғимарат құрылысының аз-маз кем-кетігін байқаған аймақ басшысының орынбасары оларды ретке келтіруді тапсырды. Өз кезегінде кешен басшылығы аудандық қазынадан ақша бөлініп, олар жөнделетінін жеткізді.
 width=
Келесі кезекте денсаулық сақтау нысандарының ахуалымен танысқан Ержан Жылқыбаев аудан орталығында салынған жаңа емхананың ғимаратында болды. Жұмыс барысын бақылаған ол Мойынқұм ауданына бөлінген сандық рентген аппаратын көршілес ауданда мұндай құрылғы бар болуына орай осында қойған тиімді екенін айтты.
Шу аудандық ауруханасында екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры қоймада тұр. 7 оттегі қондырғысы жеткізілген. Компьютерлік томография тұрғындарға қызмет етуде.
Пациенттермен тілдескен облыс әкімінің орынбасары емделушілердің ақ халатты жандардың жұмысына риза екендерін білді. Сонан соң дәрігерлерге Ресей мен Қырғыз елдерінде, өзіміздің шығыс, солтүстік өңірлерімізде қауіпті індеттің қайта өрши бастағанын ескертті.
Ержан Жылқыбаевтың сапары Шу қалалық ауруханасында жалғасты. 1989 жылы тұрғызылған ғимарат біршама ескірген. Енді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық-жобалық құжаттары әзірленуде. Жақында жеткізілген 1 оттегі аппаратын қосқанда, 4 құрылғы жұмыс істеп тұр. Су жаңа КТ қондырғысы арқылы осы уақытқа дейін 300-ден астам талдау жасалған.
Шулық тұрғындар тарапынан қалалық емханаға байланысты көп шағым түсетін. Сондықтан да аймақ басшысының орынбасары аталған мекемеге арнайы соқты. Карантин режімі кезінде 8 мобильді топ ел ішінде еңбек еткен. Екі айлық медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмек қоры бар. Десе де дәрігерлерге кезек жүйесі дұрыс жолға қойылмаған. Келушілер жарты сағаттан артық кезекте тұрмауы тиіс. Халықтың денсаулығы үшін осыны ұйымдастыра білгені дұрыс жауапты мамандар. Емхана басшылығы мұны түсініп, жұмыстарын ширата түсетін болды.
 width=
Алға ауылындағы Амангелді атындағы 300 орындық мектептің құрылысына мемлекет қазынасынан 845 млн. шамасында қаржы қаралған. Білім ошағын жиһаздармен толтыруға демеушілер үлкен үлес қосыпты. Енді екінші тоқсанда оқушылар жаңа мектепте оқиды. Ұстаздар ата-аналармен жұмыс істеп, Шу қаласына қатынап оқитын 150 алғалық оқушыны осы мектепке қайтару керек. Оның үстіне, кезекке тіркелген 150 тұрғынға жер телімдері беріліпті. Демек, бұл ауылға тағы бір білім ошағын оңтайландыратын уақыт та таяу.
Осы күні Ержан Жұмытұлы аудандық мәдениет үйіне де табан тіреп, белгілі күйші, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаевпен жүздесті. Бұл ғимаратта аудан әкімдігінің мәдениет бөлімі, кітапхана сынды мекемелер де отырады екен. Яғни, 1970 жылдары салынған мәдениет үйі қызметкерлерге тарлық қылуда. Жаңа ғимарат қажет. Бұл ұсынысты жан-жақты қарастыру қажет.
Сапарының барысында облыс әкімінің орынбасары облыстық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі кеңейтілген отырсына қатысты. Жиында ауданда құқықтық тәрбие жұмыстарында олқылық жетерлік екені айтылды. Арнайы комиссияның төрағасы бір жылда үш рет ауысқан. Ұрлық 6 пайыздан 9 пайызға өсіпті. Биыл 8 ата-ана құқығынан айырылғаны тағы бар. 110 жеткіншек түрлі қамқоршылыққа алынған. Мобильдік қызмет топтарының да жұмысы әлсіз екен. Отырыс соңында осындай кемшіліктерді түзеу шараларын пысықтап, осы бағыттағы шаруаны барынша ширатуға уағдаласты.
  [video width="1280" height="720" mp4="https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2020/11/1ҢҢҢҢҢҢҢ_398395868211388_6383955581294472326_n.mp4"][/video]
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар