жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Фототілші Алтынбек Қартабай «ҮРКЕР» - 2025 ұлттық сыйлығының номинанты атанды

Фототілші Алтынбек Қартабай «ҮРКЕР» - 2025 ұлттық сыйлығының номинанты атанды
Фото - Jambylinfo.kz
Ол «AR-AI» жастар газетінде 20 жыл бойы еңбек етіп келеді

Бүгін – кәсіби фототілші, шығармашылық ізденісімен елге танылған әріптесіміз Алтынбек Қартабай «Үркер» - 2025  ұлттық сыйлығының номинанты атанды, деп хабарлайды 

Алтынбек Болатұлының әрбір туындысына үңілсеңіз, табиғаттың әсемдігі, гүлдердің сұлулығы, Тараздың күндізгі-түнгі көрінісі, ұлттық киімдегі қазақ қызының бейнесі, тарихи-мәдени мұралар мен ұлттық құндылықтар шынайы көрініс табады. Оның фотолары жай ғана кадр емес сөйлеп тұрған, ойға жетелейтін туындылар.

Аумалы-төкпелі кезеңде күнкөріс қамымен орталық алаңда елді ақыға суретке түсіріп, әуесқой фотограф болып жүрген Алтынбек Болатұлының арманы газетте фототілші болып еңбек ету еді. Бұл арман 2005 жылы жүзеге асып, «AR-AI» жастар газеті ашылған сәттен бастап бүгінге дейін, яғни 20 жыл бойы осы басылымда фототілші болып еңбек етіп келеді.

Алтынбек Қартабай – халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері, Тараз қаласында бірнеше мәрте жеке фотокөрме ұйымдастырған кәсіби шебер. 

Айта кетейік, биыл ұлттық бәйге 11 номинация бойынша өткізілді. Байқауға журналистерден 400-ден астам өтінім келіп түсті. Үміткерлер арасынан үздік жұмыстарды анықтау үшін тәжірибелі журналистер мен медиа-менеджерлерден құралған тәуелсіз қазылар алқасы жұмылды. Нәтижесінде шорт-листке 44 номинант енді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар