Жамбыл жаңалықтар

«Газ өшеді»: Шу ауданында көгілдір отын беру уақытша тоқтайды

28-29 мамыр күндері Шу тұрғындары көгілдір отын қолданбайды

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстық филиалы Шу газ шаруашылығы биыл қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында газ құбырларын және олардың қондырғыларын жөндейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Жөндеу жұмыстары өтетін күні таңғы сағат 09:00 ден кешкі сағат 18:30 дейін газ беру уақытша тоқтайды. Осылайша 28-29 мамыр күндері Шу тұрғындары көгілдір отын қолданбайды.