дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Газ жоқ!». Жамбылда сұйылтылған газ тапшылығынан жұрт ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр

«Газ жоқ!». Жамбылда сұйылтылған газ тапшылығынан жұрт ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр
Фото - ашық дереккөзден
Өйткені тұтынушылар күрт көбейген

Жамбылдағы газ құю бекеттерінде газ тапшылығы орын алып жатыр. Көлігін жүргізуге көгілдір отын таппай сенделген жұрт ұзын-сонар кезекте тұрғанын қоғам белсенділері жазып жатыр, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің ЖО филиалының төрағасы Назима Жұбандықова аймақтағы газ құю бекеттеріндегі «Газ жоқ. Түбінде де жоқ» деген жазуы бар ескертпелердің фотосын жариялады. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қордағы «тығып отырған» газды қымбат бағаға болсын сату бойынша ұсынысын айтты.

-    Мен газ пайдаланбаймын өзіне керек болып жазып жатқан болар деген ой болмасын. Алайда күннің ыстығына шопырларды қақтап қинағанша, тығып отырған газды сатсаңыздаршы кәсіп иелері! Қымбаттату науқанын неге күтесіздер, қажетті нарыққа бағасын қойып сата беру керек. Өйткені газ қажет шопыр қаншаға саудаласаңызда тұтынады. Немесе ыңғайлы жанар жағар майын таңдайды. Жоқ деп қолдан кезек ұйымдастырып, “по талонам” дегенді қойсаңыздаршы! Сіздер қалай ойлайсыздар?!,- деп жазды ол. 

Ал, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ғалым Исақов газ тапшылығы орын алғанын жасырмайды. Ол мұны жазғы науқанда көлік қозғалысының көбеюімен байланыстырды. Сондай-ақ көгілдір отын өндірісінде өнім азайғанын айтады. Мәселен, жалпы облыста қажеттілік 8 мың тонна болса, биыл 5600 тонна әлеуметтік газ бөлінген. Сондықтан басқарма басшысы мәселе тек Ақтөбе мен Шымкент қалаларынан келетін сұйылтылған газ көлемін ұлғайту арқылы шешілетінін жеткізді. Немесе газ құю бекеттері коммерциялық газды көбірек алуы керек. Бірақ, бұл кәсіпкерлерге тиімсіз екен. 

-    Республикадан бөлінген газ көлемі бізге жетпей жатыр. Ал, газ құю бекеттері бағасы төмен әлеуметтік газдан бөлек, коммерциялық газ алса болады ғой.  Бірақ олар алмайды. Өйткені, бағасы жоғары. Сол үшін жетпейді. Ал, жеткілікті көлемде коммерциялық газ сатып алса, тапшылық болмайтын еді,- деді Ғалым Исақов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар