Халыққа ең керегі – нақты әрі дер кезінде ақпарат беру – Б. Сапарбаев
- авторjambylinfo.kz
- 24 ақпан, 2022
- 153
Nur Otan» партиясының облыстық, аудандық филиалының, «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын күшейту керек. Бұл туралы партия филиалының саяси кеңесінің отырысында айтылды.
Басқосудың күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII сессиясына делегаттар сайланды.
Басқосуда облыс әкімі, партия облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев филиал аппаратының, аудандық филиалдардың, «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын күшейту, партияға беделді, белсенді азаматтарды тартудың маңыздылығын атап өтті.
Аймақ басшысы жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру, оқиғаның себеп-салдарымен жұмыстар жүргізу туралы айтты.
- Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір партияның алдына нақты, маңызды міндеттер жүктеп отыр. Халыққа қазір ең керегі – нақты әрі дер кезінде ақпарат беру.Бұл бойынша БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы жұмыстарды арттыру қажет.
Біз облыста «Қоғамдық қабылдау» тобын құрдық. Топ мүшелері ұсталғандармен, олардың туыстарымен кездесулер өткізуде. Облысымызға жұмыс сапарымен келген адам құқықтары жөніндегі уәкіл, мәжіліс депутаттары да кездесті. Әзірге ешқандай шағым түспеген. Насихат, түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Оған мәслихат депутаттары да атсалысуда.
«Қоғамдық қабылдау» тобының жұмысының нәтижесінде он адам қамаудан босатылды.Олардың алтауы кәмелетке толмаған жасөспірім.
Біз халықпен кездесу форматтарын өзгертуге тиіспіз. Оларды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Жергілікті тұрғындарға мемлекеттің қолдауын, түрлі бағдарламалардың мүмкіндіктерін қарапайым тілде түсіндіру керек,-деді Б. Сапарбаев.
Облыс әкімі қаңтар оқиғасына қатысушыларының басым бөлігі жастар екенін ескеріп, тәрбие, ата-ана жауапкерішілігі, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелерімен күрес шараларына назар аудартты.
- Облысымызда 260 мыңға жуық жас бар. Әр жастың әлеуметтік картасын жасау керек. Жұмыссыз жастарды анықтап, сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытып, жеңілдетілген несие, грант беру шараларын ұйымдастыру қажет.
Бұл орайда «Жас Отан» жастар қанатының, аудандық филиалдардың жұмысын жүйелеу, күшейту маңызды,- деді аймақ басшысы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Мұнай бағасы 100 доллардан асты
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024