сенбі, 9 қараша, 2024 7:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады

Халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады
ашық дереккөзі
Халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады
2021 жылғы 3 қыркүйек күні S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредит рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады.

S&P сарапшыларының бағалауынша, Қазақстанның рейтингін қолдаған негізгі факторлар – бұл тұрақты фискалдық және сыртқы резервтер. S&P сарапшылары өзгермелі айырбас бағамының режимі  экономиканың 2020 жылы мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты пайда болған сыртқы қысымға бейімделуге көмектескенін атап көрсетті.

Біртіндеп жүргізіліп келе жатқан фискалдық шоғырландыру, Ұлттық Қордан бюджетке трансферттеркөлемін шектейтін фискалдық ережені енгізу және мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы Қазақстанның сыртқы позициясын нығайтуға әсерін тигізеді.

S&P пікірі бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш ынталандырушы фискалдық саясаттың әсеріне, импортталатын тауарлар бағаларының өсуіне, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешуіне байланысты.

Агенттік Ұлттық Банктің ашықтығын арттыруы, атап айтқанда, Ұлттық Қордың валюталық операцияларын жариялау, Ұлттық Банктің Қаржы министрлігімен кірістілік қисығын құру бойынша бірлескен жұмысы, қаржылық реттеу функциясын Ұлттық Банктің өкілеттігінен бөлу сияқты шаралар ақша-несие саясатына сенімділікті арттыратынын атап өтті.

S&P сарапшыларының пікірінше, Ұлттық банктің 2025 жылға дейін экономиканы қолдау бағдарламаларынан шығу орталық банктің тиімділігін арттыруға көмектеседі.

S&P болжамына сәйкес, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2021 жылы 3,5% құрайтын болады және оны шикізаттық емес сектордың өсуі, шектеулердің жұмсартылуы есебінен экономикалық белсенділіктің қалпына келуі, инвестициялардың өсуі, негізгі сауда серіктес елдеріндегі іскерлік белсенділіктің қалпына келуі қамтамасыз ететін болады.

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар