сенбі, 23 қараша, 2024 16:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Халық үніне құлақ асатын мемлекет
ашық дереккөзі
Халық үніне құлақ асатын мемлекет
Аймақ басшысы Ескі Шу ауылдық округіне қарасты Белбасар ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауыл тұрғындары бір-екі ай бұрын егістік жерге өткізілген аукционға келіспеушілік білдірген. Ауыл тұрғыны Оразбай Əзімбаев аукционға қатысып 6 гектар егістік жер ұтып алғанын айтты.
- Бір ауылда тұрып айтысып-тартысып жатырмыз. Бұл өзі қызық жай болды. Акционға қатысып жер ала алмай қалғандар біздің үстімізден арыз жазып жатыр. Сотқа да беріп қойды. Осылайша бір ауылда отырып бір-бірімізге алакөз болып қалдық. Жерімізді игерейік десек жұмыс істетпейді. Ертең жерімізден айырылып қаламыз ба деп те қорқамыз. Осы мəселені шешуге өзіңіздің араласуыңызды сұраған едік. Біздің өтінішімізді жерде қалдырмай алдымызға келіп отырсыз. Мəселені заң аясында шешіп беруіңізді сұраймыз, - деді ол.
Халықтың арыз-шағымын мұхият тыңдаған облыс əкімі Бердібек Машбекұлы мəселені жан- жақты саралай келіп, ауыл тұрғындарын ортақ мəмілеге келуге шақырды.
- Жастардың міндеті үлкенді тыңдау, үлкеннің міндеті елдің ынтымағын ұйыстыру. Арытарт- берітартпен ештеңе шешілмейді. Президентіміздің ұстанған жолы халық үніне құлақ асатын мемілекет құру. Сол бағытта жұмыс істеудеміз. Мен сіздерді тыңдадым. Ешкімнің əке-шешесінің тастап кеткен жері жоқ. Жер халықтыкі. Жерді саудаға салуға болмайды. Сіздердің ұсыныстарыңызбен жұмыс комиссиясын қайта жасақтап, қайта жібереміз. Округтегі барлық жерге ревизия жасаймыз. Бəрі заңмен шешіледі. Ешкім заңды бұза алмайды, - деді облыс əкімі. Ауыл тұрғындары аймақ басшысының сөзіне тоқтап, келісімге келді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар