сенбі, 23 қараша, 2024 5:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халық саулығынан маңызды ештеңе жоқ

Халық саулығынан маңызды ештеңе жоқ
ашық дереккөзі
Халық саулығынан маңызды ештеңе жоқ

Жамбыл облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы №39 Қаулының 13 тармағында санитарлық-гигиеналық талаптарды, арақашықтық пен бетперде режимін қатаң түрде сақтай отырып, Аса-Тараз бағытындағы «Ас-Ер» мал базары жұмысын жалғастыратыны жайлы баспасөз беттерінде жарияланған болатын.

Осы орайда қараша халық талаптарға қаншалықты көңіл бөлуде? деген сауалға жауап іздеген облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев пен Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев аталмыш базарға барып, мән-жайды көзбен көріп қайтты.

Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін, қалта қамынан бұрын өз қауіпсіздігімізді ойлау қажеттігін алға тартқан басшылар, базар әкімшілігіне халықтың көп шоғырлануына жол бермеуді, шұғыл топ мүшелеріне бетпердесіз жүрген азаматтарға анықтама толтыруды тапсырып, дене қызуын тексеретін құрылғының істен шыққанын айтып, бірқатар кемшілікті жедел назарға алуды бұйырды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар