сәрсенбі, 13 қараша, 2024 1:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халық сайлаған әкімдерге үлкен жауапкершілік жүктеледі

Халық сайлаған әкімдерге үлкен жауапкершілік жүктеледі
ашық дереккөзі
Халық сайлаған әкімдерге үлкен жауапкершілік жүктеледі
Соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1193-тен 626-ға дейін төмендеді. Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда 1313 адам ем алуда, төсек-орын 37 пайызға толтырылған. Жансақтау бөлімінде 120 адам жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды. Өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, жалпыұлттық санаққа қатысты мәселелер талқыланды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, 403 516 жамбылдық немесе екпе алуға жататын жалпы жоспардағы тұрғындардың 69,5 пайызы вакцина қабылдаған. Төмен көрсеткіштер Тараз, Талас, Жуалы, Шу, Мойынқұм аудандарында. Аймақ басшысы вакцинациялау нәтижесіне көңілі толмайтындығын жеткізді. - Неліктен біздің өңірде вакцинация көрсеткіші төмен? Аудан әкімдері бұл мәселені жеке өздері, тұрақты түрде бақылауға алуы тиіс. Дәл қазір вакцинация мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек. Бұл орайда ауыл әкімдерімен тығыз жұмыс жасау қажет. Олар күн сайын екпе алғандардың саны туралы жаңа мәліметтер беріп отыруы керек. Әкімдер бұл істе ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеттерін барынша таныта түскені абзал. Халық сайлаған әкімдерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Вакцинация халық арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және инфекцияның одан әрі таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Дәл осы фактор пандемиямен күресте аса маңызды, - деді облыс әкімі. Ал жалпыұлттық халық санағын өткізу жайы қалай? Бірінші қыркүйекте Қазақстанда ұлттық халық санағы басталғаны белгілі. Ол «Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен өтуде. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн-режимде тіркелуге болады. Статистика департаментінің басшысы Сырым Мәдиев 6 қыркүйектегі деректер бойынша 18240 жамбылдық онлайн-сауалнамадан өткендігін хабарлады. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға интервьюерлердің қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесін шешу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар