Жамбыл жаңалықтар

ӨҢІРІМІЗДЕ 27 СПОРТ ТҮРІНЕН ЖАЗҒЫ ГИМНАЗИАДА БАСТАЛДЫ

ӨҢІРІМІЗДЕ 27 СПОРТ ТҮРІНЕН ЖАЗҒЫ ГИМНАЗИАДА БАСТАЛДЫ

ӨҢІРІМІЗДЕ 27 СПОРТ ТҮРІНЕН ЖАЗҒЫ ГИМНАЗИАДА БАСТАЛДЫ «Балалар жылы» аясында Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде Қазақстан оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына ҚР БҒМ өкілі Қалкен Жахин, суға жүзуден параолимпиада чемпионы Зульфия Габдулина, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Марат Мазимбаев, №1 спорт мектебінің директоры Сәлкен Жартыбаев қатысты. Олар спорт сайысында бақ сынатын спортшыларға қолдау көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді. Жалпы жазғы спорт сайысы 52 спорт түрінен өткізілсе, оның 27 түрі Тараз қаласында өтеді. Сондай-ақ, додаға 17 облыстан 4000-ға жуық оқушы қатысуда. Оның ішінде Жамбылдықтардың саны – 650. Облысымыздың жасөспірім спортшыларына сәттілік тілейміз!