«Иті қаңғымайтын ауыл». Суханбаев ауылы қаңғыбас иттер мәселесін толығымен шешкен
Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің әкімі Абдулмұрат Мәдібаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қызық мәлімет айтты. Оның айтуынша, ауылда бұралқы ит мәселесі толығымен шешілген, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Абдулмұрат Мәдібаевтың айтуынша, мұндай жетістікке тұрғындарға тыңғылықты түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы жеткен.
Сонымен қатар, ауыл әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын баяндады. Оның сөзінше, ауылдық округте 136 шаруа қожалығы тіркеліп, егін және мал шаруашылығымен айналысып жатыр.