Жамбыл жаңалықтар

"JAMBYL " телеарнасы елімізде алғашқылардың бірі болып анимациялық ертегі жасады

The final spritzer

Жамбыл облыстық «Jambyl» телеарнасы кішкентай көрермендерге тосын сый дайындап, жасанды интеллекттің көмегімен алғашқы анимациялық туындыны ұсынды. Тышқан мен арыстанның достығы туралы ертегі – балаларға арналған мазмұны терең, тәрбиелік мәні жоғары дүние болып шықты.

Біз телеарна директоры Гүлбаршын Қайратқызымен арнайы сұхбаттасып, жобаның туындау тарихы мен жасанды интеллектті пайдалану тәжірибесі туралы кеңінен танысып қайтқан едік. Ол бұл бастаманың тек бір реттік жоба емес, болашақта тұрақты мультимедиа контентіне айналатынын айтты.

Телеарна директоры Гүлбаршын Құланбаеваның айтуынша, шығармашылық ұжым заманауи технологияларды батыл енгізіп, жасанды интеллектті күнделікті жұмысқа сәтті бейімдеп келеді. Соңғы уақытта Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Ұлыстың ұлы күні қарсаңында әлеуметтік желіде жарияланған барлық контент те осы технология арқылы жасалған. Бұл бастамалар көрермен тарапынан жылы қабылданып отыр.

Жарас Сейсебаев – еңбек жолын дәл осы телеарнада бастаған, бүгінде үш жылдан бері шығармашылық ұжымды тың идеяларымен қуантқан талантты маман. Оның мультфильмнің көркемдік шешімін табудағы еңбегі ерекше.

Сондай-ақ, дыбыстау жұмыстарына қолдау көрсеткен Мәдениет саласының үздігі Асқарбек Сейілхан мен «Атамекен бизнес» телеарнасының өңірдегі тілшісі Нұрлан Асқардың үлесі де зор. Шығармашылық топ олардың көмегін ерекше ризашылықпен атап өтті.

Айта кету керек, бұл мультфильм «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында, Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асып отыр.

Жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтуді көздейтін бұл бастама – өңірлік телеарнаның тың серпілісі ғана емес, отандық анимация саласына қосылған үлес деуге болады.