Жамбыл жаңалықтар

«Көңілім құлазыды»: депутат Нұргүл Тау студенттердің жатақханасын көріп, жағасын ұстады

Депутат екі оқу орнының жатақханасын аралап көрген

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институтының жатақханаларын аралап көрді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Депутаттың айтуынша, бұл жатақханаларда  студенттердің қауіпсіздігі назарға алынбаған.

Сонымен қатар, Нұргүл Тау бұл жатақханаларды күрделі жөндеу және қауіпсіздік мәселесін   тезірек шешу үшін Астанадан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен арнайы өкіл келгенін де атап өтті.

Депутат бұдан кейін Тараздағы  университеттердің жатақханаларындағы мәселелерді жіті назарда ұстайтынын атап өтті.